Кәсіпкерлер жөнсіз тексерулермен күрес жолын үйренді
Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлерді негізсіз тексеруді доғармай отыр. Жыл басынан бері прокуратураның сенімді телефонына қысым көрген 13 іскер шағымданған. Жетеуінің арызы расталды. Бүгін құқық қорғаушылар облыстық кәсіпкерлер палатасында іскер азаматтарды жинап, тексеру органдары келген кезде қалай әрекет ету керектігі туралы тренинг өткізді. Мейрамбек Балықбаев - жас кәсіпкер. Жарты жыл бұрын жиһаз жасау саласында ісін ашқан. Тұрмысқа қажетті дүниелерді өзінің шағын цехында жасайды. Оған қоса, дайын жиһазды тұтынушыға жеткізумен айналысады. Салықшылар, санитар мамандар, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері әлі мазасын ала қоймаған.
Дегенмен, дәл бүгін Мейрамбектің ісін аяқтан шалып тұрған бір жайт бар. Ол - теңгенің құнсыздануы. Жиһаз цехына қажетті шикізатты Ресей, Қытай, Польшадан алдыртатындықтан, шетелде сауда жасау іскерге әжептәуір шығын болып тұр. Жыл басталғалы облыстық прокуратураның мобильді тобының сенім телефонына бақылау органдарынан қысым көрген 13 кәсіпкер арызданған. Жетеуінің құқығы қорғалды. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Алмат Қалымбетовтың айтуынша, көп ретте іскерлер шаруасын жүргізе бастағанда құзырлы органдар тарапынан түрлі кедергілерге тап болып жатады.
|
Количество показов: 1996
Дата создания: 13.02.2014 18:40:48