Кәсіпкерлер палатасы тұрғындарды қабылдады
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары бүгін алғашқы қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге келгендер бизнесті жүргізудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап алды. Палата сарапшылары мұндай қабылдауды ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Баспасөз беттерінде алдын-ала жарияланғанымен кездесуге келген адам көп болған жоқ. Мәселен, бір сағаттың ішінде сарапшылардың көмегіне тек бір тұрғын жүгінді. Әйтеке би ауданы, Әйке ауылында тұратын Оразмағамбет Тұңғатаров ағасымен бірге шаруа қожалығын кеңейту үшін "Даму" қорынан несие алмақшы. "Таланды" шаруа қожалығының 1000 гектар егістік алқабы, 400 гектар шабындығы бар. Қожалық иесі енді Моңғолиядан бірнеше бас жылқы сатып алып, мал шаруашылығын өрістетпек. Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Асқар Көпесов шаруаларға көмекқаржының еш кедергісіз берілуі керектігін айтты. Кәсіпкерлер палатасы құрылғалы екі айдың ішінде мамандарға кеңес сұрап оннан астам адам жүгінген. Шағымдардың көпшілігі - жер қатынастары, салық, мемлекеттік органдар жиі жүргізетін тексерістер жайында. |
Количество показов: 2126
Дата создания: 25.12.2013 19:49:54