Газ құбырларын жүргізетін ақтөбелік мекемелер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның іс-әрекетіне ашулы. Жеке кәсіпкерлер акционерлік қоғамды тұтынушыларды газ қосуға рұқсат бермейміз деп қорқытып отыр деп айыптайды. Бизнес өкілдерінің сөзінше, нысандарды газбен жабдықтаудың екі жүйесі бар. Олар - газ тарату және газ тұтыну жүйесі. Көгілдір отынды тарату қызметін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ көрсетеді. Ал, тұтыну жүйесін монополистпен қатар аттестатталған, мамандандырылған арнайы жеке ұйымдар да жүзеге асыра алады. Бірақ, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ мамандандырылған ұйымдардың жұмыс жасауына кедергі келтіріп отыр. Мәселе бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Кеңес мүшелеріне "Саяко" ЖШС-і мен "Құрылыс-монтаждық жұмыстар Қауымдастығы-2015" өкілдері шағымданған. Кәсіпкерлер шағымдарын айтып, облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне де барған. Рахат Тәжібаевтың сөзінше, департамент мамандары "ҚазТрансГазАймақ" АҚ тарапынан бірнеше кемшілікті анықтапты. Алайда, нәтиже болмаған. Ал, табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың түсіндіруінше жеке кәсіпкерлерден монополист қысым көрсетті деген шағым түспеген. Бұл жай сөз ғана. Ал, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ басшыларының сөзінше, заң бойынша кәсіпкерлердің жұмысын қабылдайтын көгілдір отынды таратушы мекеме.
Кеңес отырысында "Ақтөбеводхоз" мекемесінің іс-әрекетіне қатысты "Ардағым" шаруа қожалығының да шағымы қаралды. Шығынға батқан қожалық басшысы бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырған. Алайда әлі күнге нәтиже жоқ.
Количество показов: 1162
Дата создания: 10.04.2019 18:58:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>