Көпсалалы балалар ауруханасының ұжымы амал мерекесін атап өтті
Бүгін Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі көрісу күні. Бұл дәстүр батыстықтар үшін жақсы таныс. Әр шаңырақтың есігі айқара ашылып, ақ дастархан жайылатын күн. Кіші иіліп, үлкенге көрісіп, ақтан ауыз тиетін күн.Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыстан аман шыққан адамдардан саулық сұрасу дәстүр боп сақталып қалған. Дәстүрдің сақталған көрінісін бүгін де көруге болады. Қаламыздағы көпсалалы балалар ауруханасының ұжымы дәстүрден аттамай амал мерекесін атап өтті.
Таңертеңнен амал мерекесін тойлауға жиналған жұрт арқа-жарқа болып, домбыра тартып, Наурыз көжеден ауыз тиді. Ақ жаулықты әжелер бата беріп, келіндер ақ дастарханын жайып, балалар асық ойнасты. Таң атқаннан "Амал" мерекесін асыға күткен әрбір жан дастарқанына құрт-ірімшігін, бауырсағы мен сары майын қойып, наурыз көжесін пісірді. Табалдырығын аттаған әрбір қонағын жылы жүзбен қарсы алып, ерекше ілтипат көрсетеді.Наурыз – жаңару, тазару, құрмет айы. Қазақ үшін жаңа жылға өкпе-ренішті ұмытып, жақсы ниетпен қадам басу көрісу жоралғысымен басталуы орында. Көрісу дәстүрі бір күнмен шектелетін мереке емес, 14- наурыздан басталған мейрам наурыз айы аяқталғанша жалғаса береді.
Количество показов: 67
Дата создания: 15.03.2025 14:46:28