Көп балалы аналарға пәтер кілттері берілді
Әйелдер - белсенді. Отбасы, ошақ қасында қалып қоймай, қызметін қатар алып жүрген белсенді келіншектер жетерлік. Бүгінде елімізде әрбір 3 мемлекеттік органның тізгінін әйел ұстап отыр. Өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне де әйелдер аз үлес қосып жүрген жоқ. Облыс әкімінің экономикалық және әлеуметтік мәселелелер жөніндегі орынбасары секілді маңызды міндетті арқалап жүрген де - нәзік жандылар. Облыстағы 149 селолық округтің 18-інің әкімі-әйелдер. Әйелдер қауымын меншікті мерекесімен құттықтаған облыс әкімі, олардың отбасына береке, бірлік, елдің ұйытқысы болып жүруге тілек білдірді. Көп балалы аналар өңір басшысының қолынан "Алтын" және "Күміс алқаларын" алды. Облыс әкімінің мерекелік қабылдауында көпбалалы бес ананың көптен күткен тілегі орындалды. Оларға пәтер кілті тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, баспана "Нұр Ақтөбе" ауданынан беріледі. Сондай-ақ, әр саланың 11 үздік қызметкері марапатталды. |
Количество показов: 2076
Дата создания: 05.03.2014 21:07:21