Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
Мерзімді әскери қызметін өтеуге жіберілетін сарбаздардың несиесі болған жағдайда олар 13 ай көлемінде қарыз төлеуден босатылады. Сондай - ақ, олардың мерзімді әскери қызметін өтеп келгеннен кейін ҰБТ тапсырмай-ақ елдегі 40 - тан астам жоғары оқу орындарының біріне түсуге мүмкіншілігі бар. Айта кетейік, осы көктемде облыстан 1100 жігіт әскерге іріктеліп, аттандырылады. 450-і Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімдерге қалдырылады. Осы көктемде облыстан мерзімді әскери қызметін өтеуге жоспар бойынша 1100 жігіт аттанады. Оның ішінде 203 әскер ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне, 454 - і ҚР Қарулы Күштер қатарына, ҚР Ұлттық Ұлан қатарына 350 сарбаз, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне 30, сондай - ақ, 2 жігіт ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі сарбаздарының қатарын толықтырады. Ал, әскерге барудан жалтарғандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, былтыр 60 - тан астам ақтөбелік әскери міндетін өтеуден жалтарып, айыппұл өтеген.Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің медицина қызметінің бастығы Арсен Қиясовтың сөзінше, әскерге шақыртылған жігіттердің кейбірінде көздің нашар көруі, тері аурулары, туа біткен жүрек аурулары анықталған.Азаматтарға мерзімді әскерге шақырту қағазы тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орындарына, сондай - ақ, смс - хабарлама арқылы жіберіледі. Мерзімді әскери қызметін өтеп келгендерге мемлекет тарапынан елде тегін білім алу үшін 3000 грант бөлініп отыр. 40 - тан астам ЖОО әскери билеті барларды ҰБТ-сыз оқуға қабылдауға дайын.Количество показов: 962
Дата создания: 02.03.2023 16:15:45