"Көктем-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны басталды
Бүгін "Көктем-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны басталды. Ақтөбедегі оқу-жаттығу жиынының өту барысын облыс әкімі Ералы Тоғжанов бақылады. Өңірдегі азаматтық қорғаныс құрылымдары алдын ала әзірленген бірнеше сценарий бойынша қызыл судан мал-жанды қорғау әдіс-тәсілдерін пысықтады. Шара ертең де жалғасады.Богослов тас жолы бойында бүгін таңмен күштік құрылымдар сапқа тұрғызылды. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов облыстық азаматтық қорғаныс қызметі, алаңға тізілген техникалар мен төтенше жағдайларға арналған құрал-жабдықтардың дайындығын тексеріп, көктемгі су тасқынына әзірлік барысына көз жеткізді. Қандай да бір мәселелер туындаса, шұғыл шешуді жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына міндеттеді.Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу жиыны барысында құтқарушылар Жеңіс даңғылындағы көне көпірге демонтаж жасап, Батыс-2, Әуе қалашығы аудандары мен Мағажан, Қызылжар, Ақшат тұрғын үй алаптарындағы арық, суағарларды қардан, мұздан тазартады, сондай-ақ, төменгі Қурайлыдағы, Құршасайдағы табиғи су арналарын тазартуға, мектепте арнайы шараларды атқаруға атсалысады. Су тасқынының алдын алу жұмысына облыс бойынша барлығы 487 техника, 1594 адам жұмылдырылған. Олар төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полицияның арнайы жасақтары, Ақтөбедегі ірі кәсіпорындардың авариялық-құтқару қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер.
Количество показов: 740
Дата создания: 02.03.2023 16:13:43