"Көктем-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды
Өңірде "Көктем-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Құршасай елді мекенінде болып, көктемгі су тасқынына қарсы жұмыс топтарының дайындығымен танысты. Тас жол бойындағы көпірлердің арықтарын, арналарын тазалау жұмыстарын тексерді. Толығырақ тілші тарқатады. Құршасай ауылы көктемде суға кету қаупі бар аймақтардың бірі. Мұндағы 6 учаскеде қар тазалау, арық қазу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Елді мекендегі практикалық іс-шараларға облыстық ТЖД-нің, Ұлттық Ұланның, жедел полиция қызметінің, медицина, энергетика, ақпараттандыру қызметтерінің, "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның, мердігер ұйымдардың мамандары мен еріктілер жұмылдырылған. Оңдасын Оразалин олардың әрқайсысының дайындығын жеке-жеке бақылап, тапсырмалар берді. Құршасайдағы 144 үйді су басу қаупі бар. Онда 720 адам тұрады. 14-і зейнеткер, 2-уі мүгедек. Мұнда көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына 167 адам мен 38 техника жұмылдырылған. Далалық лагерь мен жылжымалы басқару пункті орналастырылды. Қазір көшелерден, ғимараттар мен учаскелерден, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтары - мүгедектер мен қарттар тұратын жерлерден қар шығарылып жатыр.
Бүгінге дейін қала аумағынан 150 мың текше метр қар шығарылған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін инертті материалдар да дайын тұр. "Көктем- 2022" республикалық командалық-штабтық оқу- жаттығулары еліміздің барлық облыстарында өтіп жатыр. Шараның мақсаты - азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау. Оқу-жаттығулар аясында екі күн бойы облыстың барлық аудандарында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталатын болады.
Количество показов: 622
Дата создания: 03.03.2022 20:06:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>