Көктайғақтан көлік апаты көбейді
Көктайғақтан көлік апаты көбейді. Өткен тәуліктің өзінде қалада 57 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл әдеттегіден үш есеге көп. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері ахуал ауа-райы бұзылып, жолдарға мұз қатқаннан кейін ушықты деп отыр. Төрт күнде жауған қар мен жаңбыр суы қатып, көлік пен жолаушылар жолдарын айнадай етіп жылтыратып тастады. Қала маңындағы елдімекендерге жету қысқы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер үшін мұң болып тұр. Жер үйлердің су жүйелеріне де мұз қатқан. Тазарту жұмыстарының баяулығы мен еріткіш заттардың жеткілікті себілмеуінен жолдар-көктайғақ. 30 жылдан бері темір тұлпар тізгініндегі Саламат Иманқұлов бірнеше күннен бері жол азабын тартып жүр. Көлігі көшелерде шаққа қозғалады. Тұлпарының дөңгелегін уақытылы ауыстыра алмай жүр екен. Себебі дөңгелек жөндеу орындарында 5 күннен бері кезек көп. Кеше жол-патрульдік полициясының қызметкерлері 57 жол-көлік апаттарына шақырту алған. Бұл күндегіден үш есеге көп. Себебі орташа есеппен күнделікті қалада 15-20 апат тіркеледі. Облыстық ішкі істер департаменті 3 желтоқсан күні 9 жасар баланы қағып өлтірген жүргізушіге іздеу салады. Қорқынышты жол апаты кешкі алтылар шамасында Қонаевтан Шернияз көшесіне қарай бұрылатын айналма жолда орын алған. |
Количество показов: 2349
Дата создания: 05.12.2013 19:09:25