Қисық көл маңындағы үйлердің тұрғындары биыл да қызыл судан үрейленіп отыр
Елек өзенінің сол жағалауындағы Қиысық көл шаһардың солтүстік-батысында орналасқан. Айналасында түрлі бау-бақша ұжымдары бар. Жер лай балшық. Көлікпен жүріп, Қисық көлді бақылау мүмкін емес. Су көтерілген сайын мұндағы тұрғындардан маза кетеді. Ұйқысыз түндері басталыпты. Жаяулатып, су деңгейін сағат сайын бақылап отырады.Татьянаның баспанасының қабырғасы сөгіліп, сыз тартып тұр. Былтыр қабырғаның жартысына дейін су кірген. Осы үшін өтемақы алыпты. Мардымсыз ақшасы жеткенше үйін жөндеген. Биылғы тілегі - өткен жылғы қиындықты көрмей, көктемнен аман-есен шығу. Күннің күрт жылынуына биыл көктем ерте келді. Қарғалы өзенінің де деңгейі көтерілген. Тұрғындар қапшықтарын даярлап, су деңгейін бақылап жүр.
Количество показов: 49
Дата создания: 19.03.2025 05:17:24