Қиранды астында қалған мекеме қызметкері көз жұмды
Ішінара қираған ғимарат қоршауға алынған. Ішіне ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ. Себебі қалған бөлігі де кез келген сәтте опырылуы мүмкін. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшылығының алдын ала дерегінше, бірнеше мекеменің офистері орналасқан ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал шатырға ауыр құрылыс материалдары шығарылып, төбе салмақты көтере алмай құлаған болуы мүмкін. Апат нысанды жалға алған бірнеше ірі ұйымның жұмысына да кедергі келтірді. Ғимаратта "Даму" қорынан бөлек, "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалы, "Алға КТ" ЖШС, сондай-ақ жеке нотариус және бағалау компаниясы офистері болған. Төтенше оқиға кеше кешкі жеті жарымдар шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов ҚР ҚК "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабының "абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бөлімімен іс қозғалғанын жеткізді. Айта кету керек, ғимараттың жалпы аумағы 1800 шаршы метр. Оның 200 шаршы метр аумағы қирады. Құтқарылған 4 қызметкердің жағдайы жақсы.
Количество показов: 597
Дата создания: 02.09.2021 19:14:42