Интернет алаяқтары өріп жүр
Облысымызда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Бұл әдіске алданатын да-қара халық. Аздап жиған- терген тиынынан айырылғасын барып, сан соғып, полицицяға жүгінеді.Полиция өкілдерінің айтуының кемі жоқ, бейтаныс нөмірден банктен, қауіпсіздік комитетінен деп хабарласса, дереу телефон тұтқасын қоя салыңыз. Себебі аталған орын сізге телефон арқылы хабарласпайды. Ақша аудар, код айт немесе телефоныңызға Anydesk, rudesk сынды сайтқа өтіңіз десе дереу бас тартыңыз. Келген смс кодты да ешкімге айтуға болмайды.Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетті. Әйтсе де, бұл платформа алаяқтарға қарапайым халықтың қалтасын қағуға да жағдай жасап қойғандай. Сондықтан интернет арқылы ақша аудармас бұрын, мейлі зат сатып алсаңыз немесе басқа жағдайлармен ақша аударсаңыз да, алдымен көз жеткізіп, тексеріп алыңыз. Сақтықта қорлық жоқ деген.Количество показов: 329
Дата создания: 20.04.2024 05:34:13