Инфекциялық ауруханаларда 149 науқас КВИ-ден емделіп жатыр
Былтыр наурыздан бері індетке шалдыққан ақтөбеліктердің жалпы саны 34 713 адамға жетті. Оның 76,4 пайызы ауру симптомымен тіркелген. Осы уақытқа дейін коронавирустан ауырғандардың 98 пайызы жазылып шықты. Облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова тұрғындардан карантин талаптарын сақтауды сұрап, екпе алуға шақырды.Инфекциялық ауруханаларда 149 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық кереуеттер саны 42 пайызға , ал реанимациялық кереуеттер 38,2 пайызға толы. Карантин талаптарын бұзғандрға 92 миллион теңге көлемінде 946 айыппұл салынды.Коронавирус індетін тестілеу үшін 12 зертхана жұмыс істеп тұр. Ақпан айынан бері өңірге 850 мың доза вакцина жеткізілді.
Количество показов: 744
Дата создания: 19.11.2021 18:12:12