Индустрияландыру картасы 14 жобамен толықпақ
Бүгін индустрияландыру картасына енуге үмітті 14 жоба облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыға түсті. Жобалар жүзеге асырылса, 2015 жылы өндірістегі еңбек өнімділігі 1,5 есеге, жалпы аймақтық өнім 2 есеге артпақ. Бүгінге дейін индустрияландыру картасына құны 574 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба енген. Оның жетпісі қазірде пайдалануға берілді. Иннустриалды-инновациялық жеделдетілген дамудың алғашқы межесі 2010-2014 жылдар болып белгіленген-ді. Бұл кезеңде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалар жүзеге асты деді облыс басшысы. Тек 2013 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 115,1 миллиард теңге болатын 8 жоба іске асты. Өндірілген өнім көлемі 1352,2 миллиард теңгені құрады. Жалпы аймақтық өндіріс құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 7,9%-дан 9,4%-ға өсті. Негізгі капиталға салымның көлемі де 11,9%-ға артып, 496,2 миллиард теңгеге жетіп жығылды. Индустриалдық-инновациялық дамудың келесі межесі 2014-2019 жылдар аралығында жүзеге аспақ. 2014 жылы жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске аспақ. Үшеуі индустриаландыру картасына бұрын еніп қойған. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"АҚ-ның Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-3 кезектегі құрылысы, Рельсті-арқалық зауытының құрылысы және "Ақтөбе-Жылыжай" ЖШС-не тиесілі жылыжай жүйесінің құрылысы. Ал бесжылдықтағы индустриалдық картаға енуге тиіс 14 жоба бүгінгі индустриалдық-инновациялық жедел даму жөніндегі кеңестің назарына ұсынылды. |
Количество показов: 2093
Дата создания: 10.02.2014 18:52:13