Импорт тауардың бағасын реттеу мүмкін емес
Дүкен сөрелерінде азық-түлік бағасы жиі өзгереді. Сауда орындарында халыққа қажетті 19 азық-түлік өнімінің бәрі бар. Қант, ұн тапшылығы да жоқ. Тек бағасы апта сайын құбылады. Мәселен, қаладағы ірі сауда желілерінің бірінде картоптың келісі 269 теңге. Пияз 250 теңгеден сатылып жатыр. Күнбағыс майының литрі 800 теңгеден асады. Ал бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан 120 теңге тұрады. Қант 369 теңге. Күріштің келісі де аспандап тұр. 1000 теңгеден сатылуда.
Өңірде көкөніс бағасының өсуі-әдеттегі маусымдық құбылыс.Тек сүт пен нан өнімдері бағасы бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Қалғаны импортқа тәуелді, дейді өңір басшысы. Әйтсе де, жергілікті билік бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз деп отыр. Макарон өнімдерінің ең арзаны да 296 теңгеден басталады. Сәбіздің бір келісі 250 теңге. Ең кішкентай деген қырыққабатты 600 теңгеге ала аласыз. Тұрғындар бұл дәстүрлі үрдіске айналғанын айтады. Бұрын маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келсе, қазір өскеннің үстіне өсуде.
Количество показов: 575
Дата создания: 25.04.2022 18:55:09