Иесіз қалған қорым күл-қоқысқа толы.
Иесіз қалған зират. Қаламыздағы сүт зауыт ауданындағы зиратты құдды ұмыт қалдырғандай. Іші мен айналасы күл-қоқысқа толы. Темірден жасалғандарын тот басқан, сыры да кеткен. Ал шаһарымыздағы зираттар сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Қорымдарды күтіп ұстау жұмыстарына бюджеттен қаражат бөлінбейді. Сүт зауыты ауданындағы зират биылдан бастап "Financial world" серіктестігінің балансында. Бейіт төңірегіндегі күтім мен қадағалауға жауапты мекеме биыл бұл маңда жұмыс істемейтіндігін тілге тиек етті. Зиратты тазартып, реттеу жұмыстары келер жылға жоспарланып отыр. Зираттарды тазалап, жөндеуге бізге мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбейді. Барлық қаражат өзімізден шығады. Қала бойынша біз 45 зиратты қарауымыз керек. Әрине 1 жылдың ішінде бәрін тексеріп, қарап үлгеру мүмкін емес. Біз зираттарды қарауды жоспарлап, бөліп тастадық. Сүт зауыты ауданындағы зират келесі жылдың соңына жоспарланып отыр. Себебі, ол жабық зират. Ал біз қазір үлкен көлемдегі, әлі де жұмыс жасап тұрған зираттарды тазалап, жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда, жұмыстарды жасаумызы керек. Соның барлығын қолға алып, жұмыстар жасап жатырмыз.))Серіктестік өкілдерінің айтуынша, келер жылы бұл аудандағы зират толықтай тазартылады. Жөндеу жұмыстары да сол кезге жоспарланып отыр. Бейіт қазір толығымен қоршаулы. Малдан қауіп жоқ.
Серіктестік басшылары тұрғындардың да бей-жай қарамай, көмектерін көрсетуді сұрайды. Себебі зираттың аумағына техника кіре алмайды. Тек адамдар ғана жұмыс жасай алады. Осы уақытқа дейін бұл жақтағы бейіттің күл-қоқыстан тазалаумен де марқұмдардың туыстары айналысқан. 2024 жылы Кірпішті ауданында жер көлемі жағынан 65 гектарды алатын үлкен зират салынбақ. Бұл тек мұсылмандар жерленетін зират болмақ. Себебі кішкене көлемдегі мұсылман зираттары көп, үлкен көлемде жоқ. Сондықтан келер жылы сол обьектіні бастайтын боламыз дейді жауаптылар.
Количество показов: 447
Дата создания: 25.09.2023 16:00:22