"Gazservicegroup" ЖШС-нің жұмысшылары басшылығынан жалақы өсіруді талап етіп, акция өткізді
Газ бақылаушыларына жолақы үшін қосымша 7 мың теңге беріледі. Бұл қаржының өзі мардымсыз. Ай бойы жол пұлын өтемейді. Наразылыққа шыққандар жыл сайын еңбек демалысына 24 күнге жіберу заңсыз екендігін де жеткізді. Өйткені бір бақылаушы кемі 3 мың абонентке қызмет етеді. Есеп-қисап жүргізеді.
Мекеме жұмысшылары бұл талаптарын өткен күз айында басшылыққа жазбаша түрде жолдаған. Жылдың басында тағы бір рет ауызша түрде ескерткен. Бірақ жалақыны 100%-ға өсіру талабы сол күйі өтініш ретінде қала берген. Қарастырылады деген жауапқа әбден тойған қызметкерлер бүгін наразылыққа шығып отыр.
Яғни басшылықтың жауабына сенсек, кіші санаттағы барлық қызметкерлердің жалақысын өсіруге мекемеде ресурс жоқ. Еңбекақыны өсіру мәселесі осы себептен 2011 жылдан бері көтерілмей келеді. Серіктестікте қосымша қаражат болмағандықтан жұмысшылардың жалақысы 120 мың теңгеге өспеуі де мүмкін. Дегенмен, "Газсервисгрупп" ЖШС-гі жұмысшыларының талабы "КазТрансГаз" АҚ көлемінде қаралатын болады. Газ бақылаушылары әлеуметтік желілер арқылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жасады. Бұл мәселені жабулы қазан күйінде қалдырмаймыз деп отыр наразы топ өкілдері.
Количество показов: 518
Дата создания: 10.02.2022 23:12:22