Газ құбырын жүргізген мердігер компанияның салғырттығынан бір отбасы ауыз сусыз қалды
Кутузов көшесіндегі №33- үйдің артында газ құбырын жаңартпақ болған "Азия Қаз ТрансГаз Аймақ" АҚ бұл жұмыстарды мердігер компания "Азия Газ Монтаж" ЖШС- не тапсырыпты. Арнайы техника тереңдігі 1 метр шұңқыр қазып тастаған. Сол кезде жердің астымен жеке үйге су жеткізіп тұрған құбырға зақым келген.
Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов мердігер компания өз міндетін орындамаған жағдайда шара қолданылатынын айтты. Осы материал эфирге әзірленіп жатқанда, мердігер компания редакциямен байланысып, жаңа ғана құбыр жөнделгенін хабарлады. Қызмет ұсынушы компания өкілдері құбырды тексеріп, тұрғын үйге су беретін болды.
Количество показов: 572
Дата создания: 06.12.2021 18:01:41