Газ баллондары мен газ құрылғыларын қолдану кезінде аса сақ болу ескертілді
Биыл ақпанда Мұғалжар ауылында газ баллон жарылып, 11 жастағы бала көз жұмған болатын. Өрт сөндірушілер оқушының денесін үйінді астынан алып шықты. Үй иелері үйге кіргізіп қойған газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты. Жалпы биыл қалада 300-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді. ТЖБ қызметкерлері биыл 7600 тұрғын үйді аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Газге тамақ жасау кезінде асты қараусыз қалдырғаны үшін 47 адамға әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ мамандар қазір мұз үстіне шығу қауіпті екенін ескертеді. Әсіресе жергілікті балықшыларға аязды күтуге шақырады.
Количество показов: 806
Дата создания: 19.11.2021 18:13:20