«Forte Bank» АҚ биыл да өз клиенттерін су жаңа автокөлікпен қуантуға әзір
«Forte Bank» АҚ биыл да өз клиенттерін су жаңа автокөлікпен қуантуға әзір. 31-ші қаңтар мен 28-ші сәуір аралығында Forte Bankтен несие алған әрбір қазақстандық су жаңа Toyota Camry автокөлігі тігілген ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алады. Несие көлемі 100 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Банк клиенттері арасында қымбат ұтыстар ойнату дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Осыған дейін 35 көлік өз иесін тапқан. Аталмыш ұтыс ойынына банк қызметкерлері, банкпен іскерлік байланысы бар адамдар және науқанның бұрынғы жеңімпаздары қатыса алмайды. Ал, банкте бұрыннан несиесі бар клиенттер бұл байқаудың автоматты түрде қатысушысы болып табылады. Алайда, олардың 28-ші сәуірге дейін банкте өтелмеген қарызы болмауы шарт. Ұтыс ойынының жеңімпаздарын 28-ші сәуір күні генератордың көмегімен кездейсоқ анықтайтын болады.Количество показов: 777
Дата создания: 27.02.2023 09:17:52