Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында Қазақстан азық-түлік бағасы ең қымбат мемлекет
Еуразия экономикалық одағы тауарлар мен қызметтерді тұтыну индексін жариялады. Қазақстан көш бастап тұр. Елімізде азық-түліктен бөлек қызметтің қай түріне де баға аспандап кеткен. Ақтөбеде де азық-түлік бағасы ұшып тұр. Қала тұрғындары 5000 теңгеге азық-түлік қоржынын толтыра алмайтындарын айтып, шағымдануда. Әсіресе халық күнделікті тұтынатын астың бағасы қымбат. Көкөніс, өсімдік майы, жұмыртқа, тауық еті мен тіпті шұжықтың бағасы да үш есе өскендігін айтады.
Бір бөлке нанның өзі 120 теңгеден түспейді. Халық арасында сұранысы жоғары макарон өнімдерінің келісі 500 теңгеден басталады. Ал қарақұмықтың бағасы 700 теңгеден асады. Ең арзан сүттің қорабы 500 теңгенің айналасында. Тұрғындарды тағы бір таң қалдырып отырғаны, маусымға қарамастан көкөніс пен жеміс-жидек бағасының қымбаттауы. Халық дүкенге тек нан мен сүт алуға ғана баратын болдық, дейді.
Количество показов: 652
Дата создания: 21.07.2022 18:30:22