Ескі қала аумағында газ құбырлары жаңартылып жатыр.
Ескі қала аумағында жер қазылып, газ құбырлары ауыстырылып жатыр. Кейбір көшелерде көліктердің жүруіне тиым салынды. Әр учаскеге құбыр жүргізетін серіктестіктер де бірнешеу. Малышка және сүт зауыты аудандарында "Азия монтаж"ЖШС, "Газ Транс Аймақ" ЖШС жұмыс жүргізуде. Атырау, Жиенбаев, Шернияз, Түріксіб, Ембі және тағы да басқа көшелерде газ құбырлары жаңартылуда. Бұл аудандарда негізгі жұмыстар 10 қазанда басталған болатын.Ескі қала аумағында газ құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Шернияз, Ембі, Атырау, Жиенбаев, Абай, Түріксиб көшелерінде қазір жаңа құбырлар салынуда. Ауа райы да жұмыс істеуге қолайлы болып тұр дейді жұмысшылар. Айта кететін бір жайт, құблыр алмастыру кезінде жолдағы асфальт жамылғылары бұзылмайды. Тек жол жиектерінен ғана құбырлар тартылады.Тұрғындар ауданда газ құбырын алмастыру жұмыстары жөнінде алдын ала ешкім де тұрғындарға ескерткен емес. Жұмыс аяқталған соң олардың артын жинап жүруіміз де мүмкін. Ал, дәл қазіргі жағдайда жаяу жүргіншілерге қиын болып тұр. Жер балшық, жол жиегінмен жүру мүмкін емес деп шағым атуда. Естеріңізге сала кетейік, газ құбырларын жаңарту 10 қазаннан басталды. Газ қысымы жылдан-жылға төмендеп барады. Қала аумағы өсіп отыр, газ қысымы жеткіліксіз. Сондықтан бұрынғы құбырларды жаңартуға тура келді. Құбыр тартып жатқан серіктестік жұмысшылары жыл соңына дейін жұмыс толық аяқталады деп отыр. Мамандар сондай-ақ, жерасты және жер үсті газ құбырларын жаңарту есебінен технологиялық ысыраптарды азайту, тозу салдарынан туындайтын газ құбырларында апатты жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмау секілді оң нәтижелер күтілуде дейді.
Количество показов: 473
Дата создания: 29.11.2023 02:19:09