Есет батыр ауданы тұрғындары жылусыз отыр
Тұрғындардың айтуынша, пәтерлер қымбат болғанымен үйге қызмет етуші мекемелер ісіне жауапты емес. Компания осы аудандағы 72 үйге жауап беруі қажет. Бірақ былтыр ғана құрылған серіктестік түскен арыз бойынша жұмыс істегісі келмейді. Тұрғындар осылай деп шағымданды. Боранда бойлары жылымай отырғанын айтайын десе мекеме басшылары халықпен мүлде тілдеспейді де. Қақаған қыста жылуға жарымай отырған тұрғындардың дауы қалай шешілері белгісіз. Жауапты мекеме өкілі жылу өз деңгейінде беріліп тұр деген уәж айтып отыр. Пәтерлер биыл не себепті жылымай отырғаны белгісіз. Тұрғындарға пәтерлеріндегі құбырларды жеке-жеке тексеріп шығуға кеңес етілді. Пәтер иелері үйдің жылыту жүйесі қазан айы басталғалы дұрыс істемегендігін айтады. Осы аралықта мәселені мердігер мекеме жұмысшыларына бірнеше рет ескерткендерімен жылыту жүйесінде қандай ақау бары анықталмаған. Амалдары таусылған кей тұрғындар ас дайындайтын бөлмелерінде ұйықтап жүр. Жылыну үшін тамақ пісіретін газ плитаны қосып қоямыз, дейді.
Количество показов: 663
Дата создания: 12.12.2022 20:07:38