Ереже бұзған әйел жүргізушілерге кешірім жасалды
Айыппұл алма, сыйлық ал! Бүгін жол сақшылары көлік мінген аруларға осылай құрмет көрсетті. Кейбір қыз-келіншектердің рөлде отырып, белдікті тақпай, ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқанына да кешіріммен қарады. Кішігірім тәртіпті бұзғандарын тоқтатып, алдағы уақытта жол ережесін сақтауды ескертіп, гүл сыйлады. Жол сақшыларының мейірімділігі мұнымен шектелмеді. Басқарманың тіркеу-емтихан бөлімі, әкімшілік тәжірибе бөлімі құжат ресімдеуге келген қыз-келіншектерді кезек күттірмей, шаруасын дер кезінде тындырып берді. Басқарма басшылығы қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған қызметкерлердің жары мен аналарын да ұмыт қалдырмады. Құттықтап, сый-сияпат жасады. Мұның барлығы- ертеңгі әйел затының төл мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. |
Количество показов: 2188
Дата создания: 07.03.2013 20:05:38