Емханаға барған сырқаттар ыстыққа шыдай алмай шу шығарды
Бүгін №1 қалалық емханаға барған тұрғындар шу шығарды. №1 қалалық емхананың 218-ші "А" кеңсесі алдында бүгін кезек қалыптасқан. Учаскелік дәрігердің кеңсесі. Махамбет және ВОХР ауданы тұрғындарын қабылдайды. Учаскелік дәрігер дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы сағат тоғыздан түскі 12-ге дейін ғана қабылдау жүргізеді. Кеше дәрігер жұмыс орнында болмаған. Бүгін кезектің қалыптасуына да осы себеп болса керек. Адамдар кезек күтіп тұрар еді. Егер оған емханада жағдай жасалса. Ғимарат жаңа, әрі кең болғанымен ауасы өте тар. Сыртта 40 градус ыстық. Шілденің шіліңгірі шыдатпай тұр. Әсіресе жүрегі әлсіз, қан қысымы төмен адамдар учаскелік дәрігерге қаралу үшін кезек күтеміз деп ауруын одан әрі асқындырып алып жатыр. Жаңа емхананың ауданы 11,5 мың шаршы метр. Ауаны бірқалыпты ұстап тұратын ауа баптағыштар қондыру үшін көлемді қаражат қажет,- дейді бас дәрігер Марат Биханов. Ал әр жерде қондырылған ауа баптағыштардан қайран жоқ. Емхана басшысы департаментке ауа баптағыштар сатып алу үшін ұсынысты жақында ғана түсірген. |
Количество показов: 4512
Дата создания: 24.07.2012 18:57:51