Елде жаңар-жағар май қымбаттайды
Елімізде бір аптадан соң жанар-жағармай бағасы өседі. Бензин құны 11%-ға, дизель отыны 20%-ға дейін қымбаттайды. Бұл инфляцияға әсер етіп, азық-түлік бағасы шарықтайтын болды деген халық наразылықтарын білдіруде. Қаладағы жанар-жағар май бекеттерінде бағалар деңгейлес. АИ-92 маркалы бензин бізде литріне 172 теңге тұрады. АИ-95-202 теңгеден сатылып жатыр. Дизель отынының литрі 260 теңге. Үкімет басындағылардың есебінше Қазақстанда сұйық отын құны бізбен көрші орналасқан елдермен салыстырғанда едәуір арзан көрінеді. Мысалы дизель отынының бір литрі елімізде 230-260 теңге тұрса, Ресейде 345 теңге, Қырғызстанда 390, Өзбекстанда 480 теңге. Салдарынан арзан қазақстандық отын әртүрлі жолдармен көрші мемлекеттерге әкетіліп жатыр. Егер қазір мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарамасақ, онда биыл 850 мың тонна жанармай тапшылығы пайда болады, дейді премьер-министр Әлихан Смайылов. Бөлшек саудада 12-ші сәуірден бастап АИ-80 маркалы бензинзин литрі 89 теңге, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин 205 теңге, дизель отыны 450 теңгеден сатылатын болады. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литріне 295 теңгеден тәулігіне 100 литрге дейін дизель отынын құйып алуға болады. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрді 295 теңгеге құйып алуға болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған дизель толығымен бөлінген, солярка бағасы олар үшін литріне 204 теңге болып қала береді. Әзірге жанар-жағар май бекеттерінде ұзын- сонар кезек байқалмады. Бензин, солярка еркін саудада. Ал бүгінгі үкімет басшысының мәлімдемесінен кейін сұйық отын қымбаттамай тұрғанда қор жинап қаламыз деп жүргізушілер май құю станцияларына ағылуы мүмкін. Айта кетейік, бірқатар өңірде сондай-ақ, сұйытылған газ бағасы да қымбаттауы мүмкін. Автогаздың құнының өсуі Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына күтіледі.Количество показов: 750
Дата создания: 04.04.2023 12:28:50