Елде нан бағасын тұрақтандыру үшін мемлекеттік қордан ақша бөліне бастады
"Жаңа Әлжан диірмен комбанаты ", "Атамекен нан-2000" ЖШС, "Рамазан", "Наным" нан комбинаттарына енді ұнның әр келісін 125 теңгеден ұсынатын болады. Бұл бағаны тұрақтандыру үшін де қазынадан 600 млн теңге бөлінген. Егер мұндай ауқымды қаражат бөлінбесе, диірмен комбинаты ұн бағасын бұрынғы тарифпен бере алмайды. Сондықтан, бір жыл бойы облыс аумағында әлеуметтік нанның бағасы 84 теңгеден сатылады.Жыл соңына дейін әрбір облыс тұрақтандыру қорларында нан-тоқаш өнімдерін өндіру үшін ұн қорын жинақтайтын болды. Жаңа жылдан кейін бұл жұмысқа азық-түлік корпорациясы араласады. Корпорация форвардтық сатып алу есебінен шамамен 680 мың тонна астық сатып алуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қордағы 400 мың тоннаға жуық астық нарықты тұрақтандыру үшін жеткілікті болады. Ауыл шарушылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгін әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол берілмейтіндігін мәлімдеді.
Количество показов: 602
Дата создания: 20.10.2021 18:29:43