Соңғы бір айда елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендей бастады. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсу динамикасы да едәуір төмендеген. Сәйкесінше, облыста сәбіздің ғана арзандауы байқалады, ал күнбағыс майы мен пияз сол күйі қымбат. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, елде тамыз айында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 5-6 есе төмендеген. Ал апта сайынғы өсу көрсетікіші 0,6 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендеген. Дегенмен ақтөбеліктер оң өзгеріс байқамаған сыңайлы. Әсіресе күнбағыс майының құнын түсінбей әлек.
Қазір облыста сәбіздің ғана арзандауы байқалады. Ал күнбағыс майы мен пияз сол күйі қымбат. Айта кетейік, республика бойынша аталған тауарлар бағасының төмендеуіне агенттік жүргізген бақылау жұмыстары әсер етті. Азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз шарықтатқан 53 өндіруші мекемеге қатысты шара қолданылған. Қазірде олардың 50-і тамақ өнімдерінің бағасын 5-10 пайызға арзандатты. Сондай-ақ, өздігінен қант, нан, ұн бағасын өсірген өндірушілер мен 2 сауда желісіне қатысты 8 тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 601
Дата создания: 01.09.2021 18:33:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>