Елбасы жолдауын қолдаған керуен көшеге шықты
Ақтөбе жастары елбасы жолдауын, "Мәңгілік ел" идеясын қолдайды. Бұл ұстанымдарын олар бүгін автокеруен өткізу арқылы білдірді. Ақ түсті көліктер шарлармен, еліміздің нышандарымен безендірілген. 30 автокөлік "Достық" үйінен бастап Тұңғыш президент атындағы саябаққа дейін шеру жасап, жүріп өтті. Көлік ішіндегі белсенді студенттер жол бойы Қазақстан жалауын желбіретті. Ал дауыс зорайтқыш құрылғыдан жастар елбасының биылғы жолдауын насихаттады. Автокеруен орталық саябаққа келіп бір тоқтады. Мұнда сахна алдына қаладағы ЖОО, колледжерден 2 мыңға жуық студент жиналған. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Айта кеткен жөн, "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық белсенді оқу орындарын мақтау қағаздармен марапаттады. |
Количество показов: 1873
Дата создания: 18.03.2014 18:06:18