Елбасы шыршасын балалар олимпиада чемпионымен бірге атап өтті
Бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның облыстық филиалы ғимаратында дәстүрлі Президент шыршасы мерекесі өтті. Жаңажылдық шараға облыстың үздік оқушылары, халықаралық білім, өнер байқауларының жеңімпаздары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен арнайы интернаттың тәрбиеленушілері қатысты. Балалар елбасының бейнеқұттықтауын тамашалап, облыс әкімінің қолынан сыйлықтар алды. Кішкентайлар үшін күтпеген сый- екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің шараға арнайы қатысуы болды. Шырша мерекесіне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысты. Балалармен шыршаны бірге айналды. Балалар жағы ерекше күтетін бұл мерекеде әрбір бала сыйлық алуды армандайды. Оқушылардың бұл тілегі де орындалды. Облыс әкімі барлық балаға ноутбук, кітап, тәтті сыйлық үлестірді. Бұған қазынадан 17 млн теңге бөлінген. Салтанатты жиыннан соң балалар облыс әкімі және олимпиада чемпионымен естелік суретке түсті. Балаларға арналып "Кездесу" мейрамханасында дастархан жайылды. |
Количество показов: 2102
Дата создания: 26.12.2012 19:48:47