Бүгін өңіріміздің дарынды балалары мен жасөспірімдеріне "Елбасы медалі" табысталды. Барлығы 20 бала марапатталды. 13-і қола медаль иегері атанса, 10 бала күміс медаль алды. Олар өткен оқу жылында түрлі тақырыптарда ғылыми жоба қорғап, республикалық пәндік байқауда ерекшеленген зияткер оқушылар.Шұғыла Досмұханбетова Байғанин ауданының тумасы. Биыл ғана студент атанған ол 11-сыныпта "Елбасы медалі" жобасына қатысқан. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, кітап оқу, туған өлкенің тарихы мен ұлттық мәдениет тақырыптарында бірнеше жоба қорғап, шағын роликтер түсірген. Алтын белгі иегері. Қазір М.Оспанов атындағы БҚМУ- нің 1-курс студенті. Бүгін Шұғыланың жыл бойғы еңбегі бағаланып, "Елбасы медалінің" күміс жүлдегері атанды. Жас дарынның қуанышында шек жоқ.Оқудан, жаңа нәрсені игеруден жалықпайтын Шұғыланың күндік жоспары тығыз. Әлеуметтік желі дегенге уақыты жоқ. Бос уақытын кітап оқуға арнайды. Анасы физик, әкесі тәртіп сақшысы. Өзі отбасының тұңғышы. Жауапкершілік жоғары, дейді дарынды қыз.
"Елбасы медалі" жобасы жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін бағдарлама. Биыл да жалғасын таппақ. Жасы 14- тен асқан балалар алты ай бойы тапсырма орындап, жұмыстарын "Елбасы медалі" сайтына жүктеуі тиіс. Жеңімпаздарға оқуға түсуде де жеңілдік бар. Мәселен, "Білім және инновация лицейінің" 11-сынып оқушысы Даниял Сәрсенғали жоба жеңімпазы. Күміс медаль иегерінің бұл алғашқы жетістігі емес. Халықаралық жарыстардан орын алып жүр. Оқуға түсерде бұл жеңісі пайдасын тигізетініне сенімді. Қатысушылар 7 бағыт бойынша сынға түседі. Спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар мен еңбек тәжірибесі. 2020 жылы "Елбасы медалі" жобасы ел бойынша 11 000- нан астам баланың басын біріктірді. Қатысушылардың жартысы ауыл балалары.
Количество показов: 843
Дата создания: 20.09.2022 19:44:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>