Еліміздегі 33 су айдынының суы ішуге де, өндіріске де жарамсыз
Еліміздегі 33 су айдынының суы ішуге де, өндіріске де жарамсыз. "Қазгидрометтің" экологиялық мониторинг департаменті еліміздің жер үсті суларының сапасын бағалау қорытындысын жариялады. Жарты жыл бақылау нәтижесі 107 су айдынының қырық шақтысында су сапасының нашарлығын көрсетті. "Қазгидромет" сайтында жарияланған жартыжылдық бюллетеньде тексерілген 107 су айдынының арасында 40 өзен мен су қоймасының сапасы нашар екені жазылған. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы су айдындарында тіпті өндірістік мақсатта пайдалануға да жарамайды. Ал тұрғындар үйлерге кіріп тұрған ауыз су құбырынан су ішпейтіндерін алға тартты. Бұдан бөлек, биыл жарты жылда экологтар Қазақстан өзендері 7 рет шектен тыс, 144 рет қатты ластанғанын айтады. Мәселен, облыстағы Елек өзенінен алынған сынамалардан өзен суы ай сайын алты валентті хроммен қатты ластанғанын көрсеткен.
Қазақстандағы жерүсті суларының экологиялық жай-күйіне үңілуіне Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылжар өзенінің ластануы себеп болған. Ондағы алтын өндірушілер аталған өзенге зиян келтірген. Бұл жаңалықтан хабардар болған ел Президенті Қ.Тоқаев кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды тапсырған.
Количество показов: 578
Дата создания: 29.09.2021 19:52:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>