Елімізде жол апаты көбейген.
Соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал зардап шеккендердің саны 100 мыңнан асып жығылады. Қазақстанда күн сайын жол апаты болып, одан бірнеше адам жарақат алып, қаза табады. Мәселе бас прокуратураның кеңесінде қаралды. Жол жүру ережесін бұзғандарға жазаны қатаңдату керек. Алдағы уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне түзетулер енгізу көзделіп отыр. Жол апатын азайту мақсатында профилактикалық шараларды күшейту шарт. Ішкі істерминистрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алуы керек. Мәселен, жолдардың ең қауіпті аумақтарын тізу арқылы,-дейді прокурорлар.Количество показов: 355
Дата создания: 29.09.2023 03:51:29