Елімізде қысқы автокөлік дөңгелектері тапшылығы туындауы мүмкін
Елімізде қысқы автокөлік дөңгелектері тапшылығы туындауы мүмкін. Себебі ресейлік және қытайлық брендтердің делдалдары қысқы дөңгелектерді аз алған. Жалпы тапсырыс 30 пайызға азайған.Дағдарыс жағадан алғанда, жоқшылық етектен тартып жатыр. Жетіспеушілік қысқы автодөңгелекке де жетті. Биыл ресейлік және қытайлық брендтер делдалдары қысқы шиналар жеткізу көлемін азайтқан. Салдарынан жаздан бері облыста қысқы дөңгелектер 35 пайызға қымбаттады. Мамандар тапшылықты тасымал құнымен байланыстырады. Өйткені пандемия басталғалы жеткізу құны бірнеше есеге артқан. Қыстық шина бізде өндірілмейді. Сондықтан еліміз импортқа тәуелді. Ал баға жағдайға қарай құбыла береді дейді, осы бизнестегілер.
Бүгінде жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін қаламыздың ірі техникалық байқау орталағы Еуропа елдерінің дөңгелектеріне тапсырыс беріп жатыр. Ол желтоқсан айының ортасында жетеді. Дегенмен еуропалық дөңгелек көрші елдің дөңгелегеніне қарағанда қымбат болады. Бүгінде қыстық шинаның бағасы 15 000 - 100 000 теңге аралығында. Ал оны ауыстыру құны 8000 теңгеден басталады.
Количество показов: 605
Дата создания: 11.11.2021 18:04:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>