Екі қолға бір күрек табу оңай ма?
Аталған шараның мақсаты- жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тұрақты жұмыс орнына бағыттау. Бүгінгі жәрмеңкеде есепші, экономист, заңгер, медбике және информатика, еңбек пәнінің мұғалімі сынды мамандарға сұраныс болды. Мекемелер 300ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.Ағымдағы жылы 25мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 99 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтіп, 3700-ден астам адам қатысып, жұмыспен орналастырылды. Дегенмен, жұмыс іздеп, жұмыссыз жүрген азаматтар көп. Қаламызда жұмысқа оңайлықпен тұра алмаймыз дейді. Бос жұмыстар жәрмеңкесіне келгендердің дені жастар, оның үстіне отбасы мүшелеріне де жұмыс іздеп жүргендер де бар.Бұл жәрмеңке жұмыссыздық деңгейін төмендетуге әрі тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - дейді ұйымбастырушылар. Жәрмеңке облыс бойынша еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Сонымен қатар бос жұмыс орындары электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Бүгінгі күнге порталда облыс бойынша 2590 бос жұмыс орыны мен 20.561 түйіндеме орналастырылған.
Количество показов: 242
Дата создания: 27.09.2024 05:21:18