"Екі Езу" эстрадалық миниатюра театрына - 15 жыл
Облыстық "Екі Езу" эстрадалық миниатюра театрына биыл-15 жыл. Өнер ұжымын құттықтауға жан-жақтан әріптестері келді. Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтар бар. "Екі Езу" - өзге өнер ұжымдары арасында орны ерек театр. Сатирамен шектелмей, эстрадалық жанрға ден қойды. Әртістері үнемі ізденіс үстінде. Аз уақыттың ішінде республикаға танылып үлгерді. Ұжымның мұнымен тоқтап қалмайтыны қазірден байқалады. Әлі де биіктерден көретініміз анық. "Екі Езу" эстраладық миниатюра театрының мерейтойына арнайы келген қазақстандық сатириктердің пікірі осыған саяды. Уытты әзіл айтып, жұртты тәрбиелеу- мүмкін емес. Сатира жанрында тер төгіп, сахнаға шыққан актердің міндеті- қоғамның жанайқайын жеткізу. Бұл Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың пікірі. Бүгін Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ақтөбеліктердің көкейінде көптен өріліп жүрген ойды дөп басты. Т.Ахтанов атындағы өнер ордасын енді облыстық драма және сатира театры деп атауды ұсынды. Бұл ойын облыстық мәдениет басқармасының басшысына да жеткізгенін айтты. Екі ұжымның бірігуі мәдениет ордасының жаңа туындыларды сахналауына, өсуіне себеп болады,-дейді халық әртісі. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Т.Ахтанов атындағы драма театрдың қазақ, орыс труппаларының үстіне «Екі езу» миниатюра театры келіп қосылған болатын. «Екі езудің» авторы әрі басшысы Нұрлыбек Жұбатқан қазір драма театрының директоры. |
Количество показов: 2767
Дата создания: 27.11.2013 18:50:33