ЕЭО мемлекетіне жатпайтын елдерден әкелінген көлік міндетті түрде тіркелуі тиіс
Кеден заңдылықтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекетіне жатпайтын елдерден әкелінген көлік міндетті түрде тіркелуі тиіс. Атап айтсақ, Грузия, Әзірбайжан мен Абхазия елдерінен көлік әкелетіндер кедендік жолаушылар декларанты ретінде тіркеледі. Бүгін салық органы мамандары шетелдік көлікті тіркеу ережелерін түсіндірді. Қалада шет елдерден әкелінетін көліктердің саны артқан. Сырттан келген машиналардың дені Ресей, Армения мен Грузия елдеріне тиесілі. Олар облысқа Ақтау порты арқылы жеткізілген. Ақтөбеліктерге салоннан несиеге жаңа көлік алғаннан гөрі, шетелден ескі көлік сатып әкелген тиімді, дейді мамандар. Әйтсе де, оның да өз ережесі бар. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекетіне жатпайтын елдерден әкелінген көлік үшін салық төленіп, тіркеуден өтуі тиіс. Қазір Ақтөбеде елде тіркелмеген көлік иелерін анықтау үшін рейдтер жүргізіліп жатыр. Әкімшілік полиция қызметкерлері соңғы екі айдың ішінде Грузия мен Абхазиядан әкелінген 200 көлікті анықтаған. Біреуінің де құжаты дұрыс емес, дейді мамандар. Айыппұл тұрағына қойылғандары да бар. Ал кедендік рәсімдеу көліктің өз құнынан да қымбатқа түсуі мүмкін.
Салық органы өкілдері ақтөбеліктерге шетелден сатып әкелінген көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізіп барып айдауға кеңес береді. Рәсімдеу шығыны мен баж салығы көліктің жылы мен маркасына байланысты. 1,5 млн теңге мен 3 млн теңгенің аралығында дейді мамандар. Шетелден әкелінген көлік экологиялық стандартқа сәйкес болмаса, оны ел аумағында айдауға тыйым салынады.
Количество показов: 592
Дата создания: 23.09.2022 19:52:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>