Еңбек мигранттары мемлекетке баж салығын төлейтін болады
Бұдан былай еңбек мигранттары мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі. Бұл 2013 жылғы 10 желтоқсанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек миграциясы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы негізінде жүзеге аспақ. Жаңа өзгерістер ақпан айының 1-нен бастап күшіне енбек. Сондай-ақ, елімізде жұмыс жасағысы келетін шетел азаматтары көші-қон басқармасында тіркеуден өтіп, келісім-шарт жасап, ай сайын 3704 теңге баж салығын төлейді. Еңбек келісімшарты бір жылға жасалса, мемлекетке төленуі тиіс салық сомасы 44 мың 448 теңгені құрайды.Кәмелеттік жасқа толған кез-келген жеке тұлға шетелдік жұмыс күшін тарта алады. Бірақ олардың саны бесеуден аспауы керек.
Айта кету керек, жұмыс беруші салық төлемейді. Бірақ жұмысқа алған шетелдік азаматпен еңбек келісімшартын жасауға міндетті.
|
Количество показов: 2179
Дата создания: 17.01.2014 19:17:35