Еңбек даулары негізінен кәсіподақтары жоқ кәсіпорындарда болып отыр.
Облыста жұмысшылардың жалақысын уақытында төлемейтін кәсіпорындар саны аз емес. Жұмысшылардың еңбегін өтемегені үшін биыл 6 кәсіпорынға 1555 жұмысшы арызданған. Осыған орай облыстық еңбек инспекциясы жыл басынан бері 345 тексеріс жүргізіп, 435 - ке жуық заң бұзушылықты анықтап отыр. Кәсіпорындардың жұмысшыларға берешек сомасы 66,5 млн теңгені құрайды.Қабылданған шаралар бойынша 4 мекеме қарыздарын өтеуге мүмкіншілік алды. Қалған 2 кәсіпорын жалпы сомасы 36,1 млн теңгені құрайтын жұмысшылардың жалақыларын әзірге бере алмай отыр. Қазір бұл орталықтарда берешекті өтеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сондай - ақ, өндірісте қауіпсіздік талаптарын сақтамау, біліктіліктің төмендігі, техникалардың бұзылуы салдарынан биыл 11 адам жазатайым оқиғаның құрбаны болған. 57 адам зардап шекті. Осыған орай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық еңбек инспекциясы мамандарының қатысуымен 100 - ден астам кездесулер өткізіліп, алдын алу шаралары қолға алынды.
Количество показов: 390
Дата создания: 20.10.2023 02:09:22