Драма театрда жаңа қойылым
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жаңа премьера! Қойылымдары күн санап артып келе жатқан өнер ордасында наурыз айында тағы су жаңа спектакль қойылады. "Күлкілі қаржы" деп аталатын қойылым ақтөбелік көрермендерге орыс тілінде жол тартады. Қоюшы режиссері - Ахтанов театрының бұрынғы қызметкері, қазір мәскеулік театр маманы Вячеслав Виттих. Рэй Кунидің ең танымал еңбектерінің қатарына Лондон театрлары афишасынан әлі күнге түспей тұрған "Үйленген таксиші" қойылымын жатқызуға болады. Ал, мына "Күлкілі қаржы" қойылымы соңғы уақытта өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына ие болған. Желісі бойынша мол ақшаға кенелген есепші жұбайымен бірге туған қаласынан қашып кетпекші. Әйтсе де тым қысқа уақыттың арасында оның басынан түрлі қиындықтар, күлкілі жәйттер өтеді. Бірақ, қойылымның көздегені мысқыл күлкі арқылы көрермендерге ой тастау. Спектакльді қоюшы режиссер туралы бірер сөз. Вячеслав Виттих Ақтөбе өңіріне аса танымал тұлға. Талантты әртіс осыдан төрт жыл бұрын Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында "Қуыршақтар", "Панночка" қойылымдарын қойған. Режиссердің кезекті қойылымында жергілікті танымал әртістер Владимир Корчуков, Ангелина Недюжина, Наталья Думблерлер ойнайды. Әртістер қазір дайындық үстінде. Театр сахнасы жаңа қойылым үшін әспеттеліп, әртістерге костюмдер тігілуде. |
Количество показов: 2717
Дата создания: 25.02.2014 18:01:19