«Достар алаңы» қоғамдық бірлестігі құрылды
Облыстағы жастар ұйымдарының қатары тағы бір жаңа атаумен толықты. «Достар алаңы» деп аталатын жастар қоғамдық бірлестігі өңірдегі 33-ші жастар ұйымы болып ресми тіркелді. Ашылғанына 2 айға жетер-жетпес уақыт ішінде бірлестікке 500-ге жуық студент мүшелікке енген. 10-нан астам бизнес серіктесі бар. Рахметолла Әбен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің екінші курс студенті. Қысқы демалыста Рахметолла достарын жиып, бағыты мен бағдары бөлек, студенттерді әлеуметтік қолдауға арналған қоғамдық бірлестік құру идеясын ұсынады. Аз уақыт ішінде оны жетілдіріп, жоспарды қағаз бетіне түсіріп, тиісті мемлекеттік органға ұсыныс түсіреді. Ұсыныс қолдау тауып, 3-желтоқсанда Ақтөбе облысында 33-ші болып «Достар алаңы» бірлестігі құрылады. Бүгінге дейін бірлестікке 500 студент мүшелікке енді. Қоғамдық бірлестік 10-нан астам бизнес серіктес тапқан. Олардың арасында жастарға қажет түрлі оқу курстары, тіпті ірі зауыттар мен сауда-саттық саласында өзіндік орын алатын компаниялар бар. Болар елдің балалары қоғамдық бірлестікке мүше бола отырып, бір-біріне жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетпекші. Қалтасы таяз студенттерге «Достар алаңы» қажетсінген қандай да бір қызметтерді жеңілдікпен ұсынуды басты мақсат санайды. Болашақта бірлестік бүтін Қазақстан жастарын бір алаңға біріктірмек. Демеушілерден көмек алу үшін жастар әлеуметтік желілерде оларды күні-түні жарнамалауға дайын. Өз бизнес әріптестеріне «Достар алаңы» қоғамдық бірлестігі PR қызмет ұсынып отыр. |
Количество показов: 2712
Дата создания: 14.02.2014 18:56:49