Дизель отынымен жүретін автобустар тексерілді
Дизель отынынан атмосфералық ауаға шығатын автокөлік түтінінің мөлшері 50 пайыздан аспауы шарт. Бүгін полиция қызметкерлері облыстық экология департаменті мамандарымен бірге мұны да тексерді. "Болашақ" аялдамасының маңында дизель отынымен жүретін жолаушылар автобустарын тоқтатып, арнайы құрылғымен өлшеді. Мамандар бірнеше көлікті тексеріп, көлік түтінінің мөлшерден аспайтынын анықтады. Егер автокөлік түтінінің мөлшері 50 пайыздан асқан жағдайда көлік жүргізушісіне хаттама толтырылып, айыппұл салады. Облыстық экология департаментінің мамандары мұндай тексеруді жыл сайын жүргізеді. Сәуірде басталған рейд қарашаға дейін жалғасады. Дизельдегі атмосфералық ауаға шығатын көліктің түтінділігі "Дымомер Мета" арнайы құрылғысымен тексеріледі. Департаменттің бас маманы Айымгүл Таханованың сөзінше, ауаға зиян жанар май мен көгілдір отыннан гөрі дизель отынынан көп тарайды. Дегенмен, өңір экологиясына автокөліктерден келетін зиян азаймай отыр.
Количество показов: 885
Дата создания: 11.10.2019 17:54:54