Диқандар егін ору науқанына әзір
Егін ору науқанын Мәртөк, Хромтау, Қарғалы және Әйтеке би аудандары бастап кеткен. Жаппай науқанға диқандар 20-тамыздан кейін кіріседі. Облыста биыл бидай көп егілген. 790 мың гектарға жуық егіс алқабының 400 мың гектарын бидай алып жатыр. 288 мың гектар жерге мал азығы болатын жемдік дақылдар егілген. Диқандар астық жинауға сақадай сай отыр. Заманға сай құрал-жабдықтары бар. Ал, дизель отынымен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі қамтамасыз етеді. Биыл облысқа науқан кезінде пайдаланатын 8500 тонна дизель отыны бөлінген. Нарықтағы бағасынан 10 пайызға төмендетіліп кәсіпкерлерге 1 литрі 178 теңгеден беріледі. Дегенмен, мамандардың сөзінше, биыл астық шығымы былтырғымен салыстырғанда төмен болуы мүмкін. Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп. Дәнді-дақылдарды оратын облыста 1050-ден астам комбайн бар. 1500-ге жуық жүк көлігі астық тасиды. Ауа-райы жақсы болса, астықты ақтөбелік шаруалар 20-25 қыркүйекке дейін жинап алады.
Количество показов: 1015
Дата создания: 14.08.2019 18:36:51