Денсаулықты қолдау флешмобы өтті
Дүниежүзілік темекі шегумен күрес және нашақорлықтың алдын алу күніне орай бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен кең ауқымда акция өтті. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңына жиналған №1- ші, 2 - ші, 7- ші қалалық емхананың дәрігерлері салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмобқа қатысып, түрлі дене жаттығуларын жасады. Сондай - ақ, қала тұрғындары мен жастарға темекі шегудің және нашақорлықтың адам өміріне зияны туралы ақпарат берді. Дүниежүзілік темекі шегу мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған акцияға қала емханаларының дәрігерлері, қалалық ПБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мен тұрғындар қатысты. Денсаулыққа зиян келтіретін және өлімге соқтыратын теріс әдеттердің алдын алу, нашақорлық мәселесіне облыс тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған шараға 70 - ке жуық қалалық емхана қызметкерлері жиналып, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алдында спорттық флешмоб ұйымдастырды.Айта кетейік, темекі шегуден миллиондаған адам өкпе обыры, туберкулез, демікпе және өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан. Статистикаға жүгінетін болсақ, әлемде жыл сайын 8 млн - нан астам адам темекі эпидемиясынан қайтыс болады. Ал, бүкіл әлем бойынша шамамен 16 млн - ға жуық адам иньекциялық есірткіні қолданады. Оның ішінде 3 млн - ға жуығында АИТВ бар.
Количество показов: 828
Дата создания: 01.06.2023 03:47:25