Демалыс базасында жараланған балалардың бірінің жағдайы ауыр
28 қаңтар күні қала сыртындағы демалыс базаларының бірінде қарда жүретін көлік астына түсіп, жараланған балалардың бірінің жағдайы ауыр. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақовтың сөзінше, 16 жастағы қыз баланың оң жақ бөксе, жамбасында жабық сынық бар, өкпесі зақымданған, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 40 жастағы әйел өліп, 6 адам зардап шеккен оқиғаны облыстық ПД тергеп жатыр. 16 жастағы ер бала қарда жүретін көлікпен бір жерде топтасып тұрған 7 адамды қаққан. 40 жастағы әйел сол жерде жан тапсырды. 49 жастағы ер адам мен бір балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. 4 бала ауруханада жатыр. Оның бірінің жағдайы ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінге анықталғаны 16 жастағы ер бала басқарған қарда жүретін Lynx маркалы техника осы оқиға болған демалыс базасына тиесілі емес. Жасөспірімнің туысының мүлкі. Еске салсақ, қала сыртындағы демалыс базасының бірінде 16 жастағы ер бала Lynx маркалы қарда жүретін көлікті айдап келе жатып, сырғанақ маңында жиналып тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Бұл оқиға 28-қаңтарда түскі үш жарым шамасында болған. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды. Зардап шеккендер 49 жастағы ер адам мен 5 кәмелетке толмаған бала оның ішінде 1,5 жасар сәби де бар.Количество показов: 745
Дата создания: 30.01.2023 13:05:03