Дүкен сөрелерінде "Ақтөбе-Нан" өнімдері сиреп кетті
Жұртшылыққа бұрыннан «Нан комбинаты» деген атымен танымал болған бұл мекеменің тарихы сонау 1938 жылдан басталады. Кәсіпорын 2003 жылдан бастап «Ақтөбе-нан» ЖШС болып қайта құрылды. Ұннан жасалатын тағамдардың 60-тан астам түрін өндірген мекеме жұмысы қазір тұралап қалған. Бұрынғыдай тәулігіне 15 тоннадан астам нан мен бөлке шығара алмайды. 3 тоннадай макарон өнімдерін өндіру жұмысы әлдеқашан тоқтаған. Серіктестік қазір азғана жұмысшыларымен тәулігіне 6 тоннаға жуық нан түрлері мен бөлке шығарады. Қала бойынша дүкен сөрелеріне жеткізу қызметі де бәсеңдеген. Тауарға тапсырыс берушілер өздері алып кетеді. Серіктестік басшысы Оразғали Бекжан нан комбинатының өз диірмені жұмыс істемегелі ұн өндіру тоқтағанын айтады. Ұнды сатып алу кәсіпорынға тиімсіз. Оның үстіне нарықта бірінші сұрыпты ұнның бағасы қымбаттаған. Кәсіпорын биыл жергілікті нан өнімдерін өндіретін компаниялармен келісімшартқа отырған.
Количество показов: 767
Дата создания: 29.09.2022 20:02:48