Чернобыль апатына 38 жыл
Осыдан 38 жыл бұрын, 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогы жарылып, қанша адам зардап шекті. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады.Сейіткерей Нәбиев Чернобыль ардагері. Әскерде жүргенде бұйрық келген. Ол кезде Сейірткерей аға небары 20 жаста. Бұйрық берілді, бас тартуға жол жоқ,-дейді еске алып. Авто жол салуға 15 күн жұмсадық. Өкінішке қарай денсаулығынан айырылған. 3-топтағы мүгедек. Отбасы бар, үш бала тәрбилеген. Қазір Қандыағаш қаласында дәрігер болып жұмыс істейді. Жыл сайын 26-сәуірде Чернобыль ардагерлері ескерткіш жанына жиналады. Атом электр станциясында болған апат салдарынан қаза тапқандарды еске алады. Ардагерлерін марапаттайды. Бүгін де бұл үрдіс жалғасын тапты.Количество показов: 304
Дата создания: 27.04.2024 07:34:01