1986-шы жылы сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні Украинадағы атом электр стансасында төртінші энергоблок жарылыстан қирап, арты алапат өртке ұласты. Радиоактивті түтін 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың еңбегі ерен. Олар жарты әлемді ядролық уланудан құтқарғандар. Өз өмірлері мен денсаулықтарын бәске салып, күресті. Бүгін жер-жерде чернобыльдықтар қаралы митинг өткізіп жатыр. Апаттың зардабын жоюға 240 мыңнан аса адам қатысқан деп деректерде келтіріледі. Соның 22 мыңға жуығы қазақстандықтар болған екен. Ақтөбеден 2 мың адам қатысты. Бүгінде солардың 240-ның ғана көзі тірі. Онда да 90 пайызы мүгедек.
Пәтер мәселесін 10-15 жыл бойы шеше алмай жүргендері бар. Бақытжан Сатов республикалық "Чернобыль одағы" бірлестігіне 20-шы сәуірді құтқарушылар ретінде төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге атап өту ұсынысын жолдаған. Өйткені 26-шы сәуір құрбандарды еске алу күні. Ал өздерін құтқарушылар деп есептейтін чернобыльдықтар кәсіби мерекелерінің де болғанын қалайды.
Количество показов: 1622
Дата создания: 26.04.2019 21:25:51
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>