Чекалина көшесіндегі №44-үйдің тұрғындары баспана мәселесін шешуді талап етуде
Ақтөбеде апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары дабыл қағуда.Айтуларынша, жарты ғасыр бұрын салынған баспаналары құлаудың аз-ақ алдында тұр. Мамандардан құрылған комиссия үйді 5 жыл бұрын апатты деп жариялап, мұнда тұруға болмайтынын айтқан. Жергілікті биліктің жақын арада басқа жерге көшіреміз дегені, құр уәде қалпында қалып отыр. Чекалин көшесінің бойында орналасқан 44 ші үйдің тұрғындарының басты уайымы - баспана. Қос қабатты бұл үйлердің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Қабырғасы жарылған, жаңбыр жауса төбеден су сорғалайды. Электр тоғы мен газында да қау бар. Тұрғындардың үй мәселесін айтып, 20 жыл бұрын әкімдікке барған. Бірақ "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының" кейпін киіп жүрміз,-дейді олар. 5 жыл бұрын уәде етілген жаңа үйден де хабар жоқ.
Ашынған халық бүгін қалалық әкімдікке жиналды. Тұрғындардың сұрағына қалалық тұрғын-үй инспекциясының мамандары жауап берді. Бұл жолы лауазымды тұлға тұрғындарды су жаңа баспана жылдың соңына дейін болатынын айтып, сендірді.
Әкімдік өкілінің айтуынша, Чекалин көшесіндегі апатты үйлердің тұрғындары биылдан қалмай баспаналы болады. Су жаңа пәтерлер Жаңақоныс ауылынан берілмек. Құрылыс жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Көп қабатты тұрғын үйге 61 отбасы көшіріледі деп жоспарланып отыр. Бөлмелері кең әрі жаңа үлгідегі баспана,-деп уәде етті жауапты маман.
Количество показов: 763
Дата создания: 11.07.2023 03:32:35