Былтыр жаңарған жолдар қайта жөнделеді
Қаладағы көлік жолдарын мердігер компаниялар қайта жамап-жасқайды. Шаһар басшысы бүгін компания басшыларына осындай тапсырма берді. Бұл жұмыстарға қалалық қазынадан бір тиын да жұмсалмайтынын шегелеп айтты. Бәрі де- тапсырысты орындаушылардың есебінен. Шаһар басшысы Ерхан Омаровтың айтуынша, жөнделген жолдардың жыл өтпей жатып сыр беруі- бірінші рет болып отырған жағдай. Әкім, әсіресе Уәлиханов көшесіне қатысты сын айтылғанын тілге тиек етіп, жолды жөндегендердің пікірін білгісі кететінін айтты. Аталған көлік жолдарын жаңалаған "Ақтөбе қалалық жол құрылысы" ЖШС. Өткен жылы қаладағы көлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 2,1 млрд теңге бөлінді. Бірақ, 600 млн теңгесі мердігер компанияларға әлі төленбеген. Қашан жұмыс толықтай аяқталып, комиссия сапасын бағамдап, қабылдап алады, сол кезде ғана қолдарына тиеді, -деді Ерхан Омаров. Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері бар. Күн жылынысымен жұмыстар қайта жанданады. Жол бойындағы шұңқырларды қалыпқа келтіруге 10 бригада жұмылдырылады. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Жоспар бойынша, Батыс-2 ауданына апаратын Әлия Молдағұлова даңғылы Сәңкібай батыр даңғылынан Бәйішев көшесіне дейінгі аралық 6 жолақты жол болып кеңейтіледі. Бәйішевтен Хобда трассасына дейінгі жол 4 жолақты болады. "Шығыс" базары маңындағы жол 312-ақыштар дивизиясы даңғылынан Нокин даңғылына дейін кеңейтілетін болады. |
Количество показов: 2031
Дата создания: 26.03.2014 21:19:52